Басшының ресми блогы

  • Басшының ресми блогы.Ольховская Екатерина Владимировна

    Қазақстанда денсаулықты қорғау маңызды мемлекеттік басымдық болып табылады. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету - денсаулық сақтаудың отандық моделінің басты стратегиялық міндеті. Осы жаңа интерактивтік ресурстың денсаулық сақтау мәселелерінде өзара түсіністікті қалыптастырудың тағы бір мүмкіндігі болатынына кәміл сенемін. Ендеше, мен сіздермен ашық сөйлесуге дайынмын. Өтініштеріңізді жазыңыз, өз ұсыныстарыңызды енгізіңіз. Барлық қойылған сұрақтарға міндетті түрде тиісті жауап берілетін болады.  

    2 комментарии Толығырақ....

Жаңалықтар

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

 

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

 

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

 

Рейтингтік бағалаудың нәтижелері

 

Өндірістік қызметтің, медициналық қызметтерге қанағаттануды әлеуметтік зерттеудің және 2016 жылдың 9 айында ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК рейтингтік бағалаудың нәтижелері

 

 

     Облыстық тері-венерологиялық диспансердің Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) 2015 жылдың наурыз айында құрылды. Қызмет заң шеңберінде, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-1V «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңы, «Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы туралы» ҚР Үкіметінің 23.12.2011ж. №1577 қаулысы,  «Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ 27.03.2015ж. №173 бұйрығы негізінде әрекет етеді.

Батыс Қазақстан облысының дерматовенерологиялық қызметінің тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері

 

Облыста мамандандырылған дерматовенерологиялық көмек облыстық тері-венерологиялық диспансермен және 16 аудандық дерматовенерологиялық кабинетпен көрсетіледі.  №1, 4 және 6 КДЕ дерматологиялық қабылдау кабинеттері бар.  Сонымен қатар, дерматовенерологиялық қабылдау ІІБ, «Медициналық орталық», «Батыс Авигип» ЖШС және «Талап» АҚ емханаларында жүргізіледі. 

Жаңалықтар

2016 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының «Орал қаласы бойынша дезинфекция орталығы» базасында

Құрметті азаматтар!

 

2016 жылдың 10 тамызынан бастап 31 қазанына  дейін БҚО денсаулық сақтау басқармасының Саll-орталығының 24-00-06 сенім телефоны және  тері-венерологиялық диспансердің 93-34-95 телефоны бойынша және ұйым сайтындағы басшы блогында  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша тұрғындардан сұрақтарды жинақтау және тіркеу жүргізіледі. Жауаптар соңынан теле-радио хабарларында және баспасөз беттерінде жарияланатын болады.

Педикулез және паразиттік тері аурулары жөнінде қалалық емханалар мен аудандық ұйымдардың медициналық қызметкерлерімен өткізілген семинар

 

      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Облыстық тері-венерологиялық диспансер мен Тұтынушылардың құқықтары қорғау жөніндегі департамент мамандары 2016 жылдың 2-14 наурыз күндері аралығында  облыстың медициналық қызметкерлері арасында оқыту семинарларын өткізіп, онда педикулез бен жұқпалы тері ауруларының (микроспория, трихофития, қышыма) клиникасы, диагностикасы және профилактикасы, ауру ошағында эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу мәселелері, "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283 бұйрығы қаралды, ауру анықталған кездегі медициналық қызметкердің іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Семинарға қатысушыларға дерматомикоздарға, қышыма мен педикулезге күдіктену кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, педикулездің профилактикасы жөнінде кітапша ұсынылды.   

Семинардан кейін медициналық қызметкерлер «Жұқпалы тері, паразиттік аурулар мен педикулездің диагностикасы, профилактикасы, ауру ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бөлімі бойынша тест-сауалдан өтті.                                                                          

  2016 жылғы 14 наурызда телемедицина және скайп арқылы аудандардың медициналық қызметкелерімен (16 аудандық МҰ) селекторлық режимде кеңес өткізілді.  

Оқыту семинарларының жұмысына барлығы 285 адам қатысты.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы инфекциялық және паразиттік аурулармен сырқаттану көрсеткіштеріне апта сайынғы мониторинг жүргізеді.


Дерматовенерология, косметология және эстетикалық медицина Еуразиялық конгресі

2015 жылғы 21-22 мамыр күндері Астана қаласында Дерматовенерология, косметология және эстетикалық медицинаның IV Еуразиялық конгресі, «Дерматокосметологияның және дерматовенерологияның жас аспектілері» тақырыбында халықаралық қатысуы бар                   V Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Батыс Қазақстан облысынан конгреске ОТВД директорының м.а, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас дерматовенерологы Е.В.Ольховская жолданды.

.Халықаралық медбике күні

2015 жылғы 12 мамырда облыстық тері-венерологиялық диспансерде Халықаралық медбике күнін арналған салтанатты жиналыс өтті. Медбикелердің кәсіби мерекесі 12 мамырда - әлемдегі қайырымдылық бикелер қызметін алғаш рет ұйымдастырған атақты ағылшын                            әйелі Флоренс Найтингейлдің туған күнінде аталп өтіледі.

«Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды»

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында облыстық тері-венерологиялық диспансер қызметкерлері соғыс және еңбек ардагері Пода Николай Дмитриевичтің үйіне барып, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Медициналық қызметкерлер спартакиадасы

2015 жылғы 18 сәуірде П.Атоян атындағы стадионда Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орайластырылған медицциналық қызметкерлер спартакиадасы өтті. Медициналық қызметкерлер өздерінің осы шараға қатысуларымен салауатты өмір салтын насихаттады.

Аудандардың тұрғындарына дерматовенерологиялық бейін бойынша консультациялық-диагностикалық көмек көрсету.

Аудандардың тұрғындары үшін мамандандырылған дерматовенерологиялық көмектің қол жетімділігін арттыру мақсатында 2015 жылдың ақпан айынан бастап облыстық тері-венерологиялық диспансер мамандары жұмыстың көшпелі фомасын ұйымдастырды.

7 сәуір – «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!»

  7 сәуір – «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!» ұранымен Бүкіләлемдік денсаулық күнін өткізу шеңберінде, облыстық тері-венерологиялық диспансерде тұрғындарға дерматовенерологиялық бейін бойынша консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін Ашық есік күні өткізілді.

Орал қаласының бассейндерінде, сауналарында, моншаларында жұқпалы тері ауруларының және венерологиялық аурулардың алдын алу

2015 жылғы 10 сәуірде Орал дезинфекциялық станция базасында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, облыстық тері-венерологиялық диспансер және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, онда жеке кәсіпкерлермен және осы нысандардың қызметкерлерімен бассейндерде, сауналарда, моншаларда жұқпалы тері аурулар мен венерологиялық                аурулардың алдын алу және таралу мәселелері талқыланды.

. @Mail.ru